kl kz



>
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Тарихи фото» облыстық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқауға жас ерекшелігіне қарамай барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Өзіңіздің отбасылық альбомыңыздан  өткен күндердің естелігі болып қалатын ерекше құнды фотосуретті таңдап, сол туралы әңгімелеп, эссе жазыңыз.

«Тарихи фотосурет» атты облыстық шығармашылық конкурсын өткізу туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже
1.1. Бұл ереже «Тарихи фотосурет» атты облыстық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін реттейді. Конкурс 2018 жылы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың іс-шаралар жоспары негізінде өткізіледі. 
1.2. Шығармашылық конкурс – бұл авторлық эссе бірге ұсынылатын және мерзімдік шектеуі көрсетілетін тақырыптық фотосуреттер сайысы. Фотосурет тақырыбы – «Тарихи фотосурет». 
2. Конкурстың мақсаты мен міндеті: 
2.1. Мақсаты: 
- кітапхананың тарихи фотосуреттерден тұратын өлкетану қорын өлке тарихын, өткен дәуірдің шындығын ашып көрсететін көне суреттермен толықтыру; 
- тарихи фотосуреттер тақырыбына назар аударту, ол туралы түсініктер шеңберін кеңейтіп, құндылығын асыру; 
- облыс халқының отбасылық альбомында сақталған тарихи мұра, жеке және отбасылық тарих, Шығыс Қазақстанның әдет-ғұрып тарихын анықтау; 
- өзінің туған жеріне, өз ауылына; туған өлкенің табиғатына; өз халқының тарихи және мәдени мұрасына азаматтық-патриоттық сезімдерді қалыптастыру; 
2.2. Міндеттер: 
- отбасы тарихы, өзінің терең тамырларына қызығу танытып, ата-бабалар өміріне белсенді іздеу жүргізу мотивациясын дамыту; 
- отбасы тарихын, XIX - XX ғғ. ортасында түсірілген фотосуреттерді жинақтап, өңдеу; 
- шығысқазақстан тұрғындарының альбомдарындағы фотосуреттерді Facebook - https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желісіне жайғастыру;
- осы фотоматериалдарды кітапхана көрмелері мен виртуалды жобалар аясында пайдалану үшін әзірлік жұмыстарын жүргізу; 
- ескі фотосуреттерді кітапхананың өлкетану фотоқорына өткізуге әзірлеу (иесінің өтінішімен).

3. Конкурс құрылтайшылары және ұйымдастырушылар: 
3.1. Конкурс құрылтайшысы және ұйымдастырушы ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ. 
3.2. Конкурстың үйлестірушісі және әдістемелік орталығы Ұйымдастыру комитеті. 
4. Конкурсқа қатысушылар және қойылатын шарт
4.1. Фотоконкурсқа кез келген жастағы барлық талап білдірушілер қатыса алады. Жасы кәмелетке толмаған азаматтар ата-анасы немесе басқадай өкіл адамдардың келісімі бойынша қатысады, ал,олар қажет жағдайда жасы толмаған қатысушының мүддесін білдіреді. 
4.2. Конкурсқа жіберілген көне фотосуреттің электронды нұсқасы ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ өлкетану фотоқорына сақтауға жіберіледі және Конкурсқа қатысушының (көне фотосурет иесі) авторлық құқығы қорғалуымен бірге, оның жекеменшігі болып саналады. 
4.3. Конкурсқа қатысуға фотосурет ұсынған қатысушы, қойылған фотосуретке авторлық құқығын бекітеді, яғни, ұсынған фотоның иесі өзі екендігін дәлелдейді; және де осы фотосуретті Конкурсқа пайдалану үшінші адамның мүліктік немесе мүліктік емес құқығын бұзбайды; 
4.4. Конкурсқа қатысушылар фотоқұжаттарды кітапхана қызметінде пайдалану үшін Ұйымдастырушыға ұсынады. Өз кезегінде, Конкурсты Ұйымдастырушы қатысушының иегерлік құқығын бұзбауға міндеттенеді. 
4.4. Ұйымдастырушы қатысушылардың жұмысын Конкурспен таныстыру мақсатында пайдалана алады, бұл ретте, құжат иегері міндетті түрде көрсетіледі (соның ішінде, Ұйымдастырушы сайты, баспа және электронды БАҚ т.б.) 
4.5. Фотоқұжат иегерінің келісімімен кітапхананың фотоқорына өткізілген көне фотолардың түпнұсқасы Ұйымдастырушының меншігі болып табылады, сондай-ақ, онда фотосурет иесі туралы барлық мәліметтер және ол туралы ақпарат сақталады.Ұйымдастырушы фотосуретке электронды өңдеу жүргізуге, қалпына келтіруге, көрмелер мен экспозициялар жасауда қолдануға құқылы. 
4.6. Конкурсқа рұқсат етілмейді: 
- коллаждар, Photoshop редакторлық бағдарламасымен өңделген фотосуреттер; 
- әлеуметтік желілерден алынған фотосуреттер; 
- бұрын БАҚ жарияланған фотосуреттер;
- ашық және жасырын жарнамаланған фотосуреттер; 
- қоғамның моральдық-этикалық нормаларына сәйкес емес үгіт және басқыншылық сипатындағы фотосуреттер;
5. Фотоконкурсты ұйымдастыру
5.1. Өткізу мерзімі: 
- Конкурс 20.09.2018 ж. бастап 01.12.2018 ж. дейін өткізіледі. 
- 20.09.2018 ж. бастап 01.12.2018 ж. аралығында – конкурсқа қатысушылар осы Ереженің 6.1. - 6.4.т. сәйкес шығармашылық жұмыстарын (фотосуреттер және эссе) жібере алады, 
- 20.09.2018 ж. бастап 01.12.2018 ж. дейін – Комиссия мүшелері шығармашылық жұмыстарды (фотосуреттер және эссе) бағалау және іріктеу жұмыстарын жүргізеді; 
- 20.09.2018 ж. бастап 01.12.2018 ж. дейін – А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана фойесінде тарихи фотосуреттер көрмесі; 
- 14.12.2018 жылы – Конкурс жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік іс-шарада салтанатты түрде марапаттау.
5.2. Конкурсқа «Тарихи фотосурет» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыстар (фотосуреттер мен эссе) қабылданады. Конкурстың мәні – XIX - XX ғғ. өткен заманғы оқиғалар, өңір тарихын көрсетіп, баяндайтын оқиғалар туралы ортасында түсірілген кез-келген фотосурет (портрет, көріністі немесе деректі түсірілім). Мысалы: 
- әкеңіздің бұрынғы «Орленок» кинотеатры ғимаратының аясында құрылыста түскен фотосуреті; 
- мектеп түлектерінің Қалалық саябақта (қазір Жамбыл атындағы демалыс саябағы) таңды қарсы алуы. 
Фотосуретке міндетті түрде фотосурет туралы авторлық эссе (мәтіндік құжат) тіркеледі, Конкурс Ережесіне сәйкес. 
5.3. Цифрлық нұсқадағы фотосурет *JPEG (JPG) форматында, жан-жағы 1024x768 пиксель және көлемі 500 Кб 2 Мб дейін, А.С.Пушкин атындағы Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығында (Қазақстан көшесі, 102) кез-келген тарату құралымен, сейсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 дан 18.00 ге дейін қабылданады. Анықтама тел: (7232) 261-333, үйлестіруші: Омарова Асель Мухамедкаировна.
5.4. Фото иегері көне фотоның электронды нұсқасын А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Facebook-тағы тобына арнайы альбомға орналастырады, іс-шара «Конкурс «Тарихи фото» / «Историческое фото», хэштегтер: #pushkinlibrary, #Кітапхана_Пушкин_ШҚО, #фотоконкурс, #тарихи _фото #Шығыс_Қазақстан, сонымен бірге, келесі электронды адреске көрсетіліп жіберіледі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..">pushkinlibray@yandex.kz.
- фото иегерінің аты-жөні, тегі, 
- фото иегерінің туған жылы,
- фото иегерінің байланыс мәліметтері, 
- отбасылық фотосурет туралы барынша толық ақпарат.
Хат тақырыбын Конкурс «Тарихи фото» деп көрсету міндетті. 
5.5. Отбасы альбомындағы көне тарихи фотосуретті сканерлеу мүмкіндігі жоқ қатысушылар фотоны сканерлеу және ол туралы әкімшіге ақпарат беру үшін, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Анықтама-библиографиялық қызмет орталығына сейсенбі- жұма аралығында сағат 9.00 дан18.00 ге дейін хабарласуына болады, анықтама тел: (7232) 261-333 (ішкі тел: 123). 
5.6. Тарихи фотосуреттерге тіркелген эссе мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Өткізілген мәтіннің креативтілігі мен шығармашылық мазмұны бағаланады. Мәтінге келесідей талаптар қойылады: 
- мәтін мөлшері - А4 форматында бір парақ бет; 
- шрифті Times New Roman, мөлшері – 14, біржарым интервалмен; 
- мәтінді теңестіру – ені бойынша.
5.7. Ұйымдастыру комитеті 2018 ж. 14 желтоқсанына дейін Конкурс жеңімпаздарын анықтайды. Жеңімпаздарды салтанатты рәсімдеу 2018 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне арналған мерекелік іс-шарада өткізіледі. 
6. Бағалау критерииі
6.1. Конкурс қорытындысын шығаруда ескеріледі: 
- ұсынылған жұмыстардың тақырыпқа сәйкестігі; 
- фотосуреттерді ұсыну мерзімінің сақталуы; 
- фотосуреттің шынайылығы;
- ұсынылған фотосуреттердің жаңашылдығы (бұрын белгісіз болған фотосуреттер); 
- фотосуреттің сақталу деңгейі;
- фотосуреттің құндылығы және ерекшелігі; 
- ұсынылған фотосуреттердің сапасы, Ереженің 5.3. т. сәйкестігі; 
- жұмыстың жинақылығы (Ереженің 5.2 т. талаптарға сәйкес болуы); 
6.2. Осы критериилерге сәйкес емес жұмыстар конкурсқа қатыстырылмайды. 
7. Конкурс қорытындысын шығару
7.1. Ұйымдастыру Комитеті 01.12.2018 ж. - 07.12.2018 ж. арасында Конкурс қорытындысын шығарады. 
7.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурсты Ұйымдастырушы ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ тәжірибелі мамандарының қатарынан белгілейді. 
7.3. Ұйымдастыру Комитеті Facebook - https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz. әлеуметтік желісінде халықтың даусын жинауды ұйымдастырады. Басымды лайк санын алған фотосуреттер көрерменге ұнаған фотосурет сый-тартуын иеленеді. 
7.4. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған фотоқұжаттар арасынан үш үздік жұмысты анықтайды. Конкурс жеңімпаздары әр номинация бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдар және құнды сыйлықтармен марапатталады. 
7.5. Конкурс барысында үздік фотосуреттердің электронды нұсқасы 20.09.2018 ж. бастап 01.12.2018 ж. дейін Ұйымдастырушының өлкетану сайтына (http://kray.pushkinlibrary.kz). қойылады. 
8. Қорытынды ереже
8.1. Конкурсы өткізу жағдайы және оны іске асыру ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ өлкетану сайты http://kray.pushkinlibrary.kz, сонымен бірге, Facebook - https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желісінде жарияланады. 
8.2. Конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушылар өз қалауымен «Фотоконкурсқа қатысушы сертификатын» ала алады. 
8.3. Ережеге енгізілуі мүмкін мәселелерді Ұйымдастырушы қалыптасқан жағдайға байланысты шешеді.
Ұйымдастыру комитетінің құрамы
1. Шагиева Бибигуль Жамбыловна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ директоры м.а., ұйымдастыру комитетінің басшысы;
2. Максимова Марина Михайловна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығының басшысы Конкурс әкімшісі
3. Омарова Асель Мухамедкаировна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығының бас кітапханашысы -өлкетанушысы Конкурсты үйлестіруші; 
4. Сакпанова Жанна Серикжанова, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығының бас библиографы; 
5. Абдуллина Люция Ильдаровна, филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры ;
6. Слямова Зиза Мухтархановна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығының бас кітапханашы-өлкетанушысы; 
7. Уалханова Рахия Нуралиновна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ бас библиографы; 
8. Рахимбаева Бахтылы Сакеновна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Ұйымдастыру-көпшілік жұмыстар орталығының басшысы
9. Райхель Валентина Алексеевна, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ Ұйымдастыру-көпшілік жұмыстар орталығының бас кітапханашысы.


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 
070019, Өскемен қаласы, Казақстан көшесі-102
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ 
Тел.: (7232) 261-333, факс: (7232) 263-087 
E-mail: pushkinlibray@yandex.kz

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений