kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

(05.05.1914 – 04.10.1996)

Lastaev ziapatЛастаев Зияфат 1914 жылы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келді. Әкесі Ластайiubilinaia medal Жамауұлы мөлшермен 1878 жылы, анасы Көрікті Төлепбердіқызы 1890 жылы туған, Көрікті 15 жасында ата-анасынан ерте айрылып, жетім өскен Ластайға тұрмысқа шығады. Сол кезде Қабырға ауылы үлкен ауыл саналатын. Тұрмыстары төмен, еңбекақылары тек тамаққа әзер жететін. Көрікті апамыз атына заты сай, үй шаруасында берекелі ұқыпты болыпты.

Ластай ата ағаштан түйін түйген шебер адам болыпты. Ауылдастырының тапсырысымен арба, шана жасап, етік тікті. Қолөнерінің арқасында күнкөрісін айырып отырған көрінеді. Ауылда Гусев деген помещиқтің тері илейтін зауытында Ластай ата жұмыс істеп тері илеудің қыр-сырын үйренеді.

1928 жылы Қабырғада ұжымдастыру науқаны басталып, Молотов атындағы колхозға бірігеді. Алғашқы күннен-ақ Ластай ата колхозға мүше болып, жаңа басталған жарқын өмірге өз қолөнерімен үлес қоса бастайды. Атамның тағы бір жақсы қасиеті-оқу-білімге құштарлығы еді. Араб тілін жақсы білетін. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға азық-түлік жинауға қатысып, ауылдастарынан да көмегін аямаған. Аздаған емшілік қасиеті де бар еді. Соғыстан кейінгі жылдары Катонқарағайда дін мәселесін жақсы білетін санаулы сауатты азаматтардың бірі болды.

Совет өкіметі кезінде әр азаматтың білім алуға құқы болды. Атамыз өзі оқи алмаса да балаларының білім алуына жағдай жасады, оған үлкен ұлы Зияфат үлкен көмек көрсетті. Отбасындағы сегіз баланың – Ләззат, Зияфат, Сейтқамза, Ғайникамал, Сейтзада, Шәбәз, Сәкай, Шәкеннің бесеуі жоғары білім алды. Ошарлы балаға тамақ тауып беріп, жеткізу бір адамға оңай емес. Үлкен ұлы Зияфат еңбекке ерте араласып, әкесіне қолғабыс жасады, бауырларының аяғынан тік тұрып кетуіне үлкен көмек көрсетті.

Әкем өзінің ата-анасына аса құрметпен қарап қатты сыйлайтын. Үлкен сүйіспеншілікпен әкесін-Какам, анасын «Көке» дейтін. Ластай атамыз оған араб грамматикасын үйреткен, әкеміз құранды еркін оқи алатын. Еңбек ете жүріп, 7 класты жақсы бітіреді. Сол кезеңде 7 кластық білім деген өте жоғары болып саналатын.

Lastaev s jenoiМектеп бітірісімен әкемізді Аршаты мектебіне мұғалімдікке жібереді. Мұғалім жетіспегендіктен жеті кластық білім алғандардың барлығы аудан мектептерінде мұғалім болды. Әкеміз оқуын жалғастырғысы келгенмен отбасы қиындығынан ауылда қалып қойды.

30-жылдардың нәубеті біздің әулетті де шарпып өтті. Әкемізге «үштіктің» көрсетуімен «халық жауы» деген жала жабылып, біраз әуре сарсаңға түсірді.

1940 жылдың басында еңбек армиясына шақырылды. Орал қаласында еңбекке араласады. Осы кезең - әкемнің өмірінің ең қиын кезеңі еді. Әкем еңбек армиясындағы кезеңде еске алуды ұнатпайтын, ол туралы әңгіме қозғауды жөн санамаушы еді. Біз әкемізден қай жерде соғысқаны туралы сұрағанымызда «мен басқа майданда болдым» деп жауап беретін де, «менің көргенімді сендер көрмеңдер, құдай басқа бермесін» - дейтін.

Еңбек кітапшасындағы жазбаларды қарап отырсам 1942 жылы Белка кенішіне слесарь болып қабылданып, 1945 жылға дейін істепті. 1945 жылдың ақпан айында 1 қалалық партия конференциясының қаулысына сәйкес Богослов алюминий зауытына слесарь болып ауысып, онда 1946 жылға дейін жұмыс істеді. Әкеміздің там-тұмдап айтқан әңгімесінен ұққаным олар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп, еңбек еткен екен. Қысы–жазы жалаң аяқ, жылы киім кие алмай жұмыс істеген. Үстіндегі киімдері алба-жұлба, себебі конвойлар жиі-жиі ит айтақтап талатып қояды екен. Иттер киімдерін жыртып, қан шыққанша талайтын кездер болыпты. Берген тамақтары да мардымсыз, ағаш ұнтағы мен ұн араласқан брикеттер. Зауытта өндірістік жарақат алып аяғы сынып қалады. Ауыр жұмысқа шыдамай, бір топ жерлестерімен еңбек армиясынан қашып шығады. Елге қайтар жол да жеңіл болған жоқ. Ақша жоқ, киім жыртық. Жүк поезына тығылып, кез келген арбаға отырып, жарты жолды жаяулатып әйтеуір ел шетіне жетеді. Жолда аштан өлмес үшін қар тазалап, ағаш кесіп, шатыр жөндеп әртүрлі жалдамалы жұмыстар істеген. Ақысына бір таба нан, қайнаған су алған. Үйге 1946 жылы келіп, отбасын құрып, әртүрлі жұмыстар атқарды. Еңбек армиясында алған жарақатынан ауыр жұмысқа жарамай жол жөндеу мекемесінде жөндеуші, Жаңа Үлгі ауылында дүкенде сатушы, Бошай Кітапбаев бастық болған Ленин колхозында колхозшы болып еңбек етті..

Жары Күлбағи Ризықанқызымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді. Өкінішке орай анамыз 40 жасында өмірден ерте кетті. 55 жасында өңшең ұсақ баламен (ең кішісі 5 жаста) жалғыз қалған әкеміз қалған өмірін бала тәрбиесіне арнады. Балаларына жақсы тәрбие, жоғары білім берді.

1986 жылы Катонқарағай ауылының жергілікті қауымдастық мүшелері әкемізге ауылға молда бол деп қолқа салды. Облыстық мешіттен арнайы курс бітіріп, қажетті құжаттарын даярлап, тәжірибеден өткен соң ауыл мешітіне қызметке кіріседі. Тоқсаныншы жылдардың басында әкесінен қалған құранға ие болып, «Қасиетті Құран үйге оралды» - деген екен.

Lastaev otbasyӘкеміз өмірдегі парызын толығымен орындады: өмірге ұрпақ әкелді, ағаш отырғызды, өз қолымен үй тұрғызды. Өзіне ғана емес, бүкіл ауылға, көршілерге үй салуға көмектесті, веранда, терезе жақтауларына әдемілеп ою салды. Еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен, өмірлік ұстанымының басқалардан ерекшеленген әкеміз осы қасиеттерді балаларына сіңірді. Бастаған ісіңді аяғына дейін жеткізу, жақсы-жаман болсын әрқашан тек шындықты айту, кез келген істі абыроймен орындау қағидалары әкелік жолында қызыл жіптермен әдіптелген еді. Екі ұлының өліміне қатты қайғырған әкеміз мүжіліп кеткен жоқ, «өмір жалғасып жатыр, өмір сүру керек» - деп бізді қайраттандыратын. Шынында өмір жалғасты, 80 жасқа жеткенше балаларымен бірге шөп шапты, мал ұстады, бақша екті. Біздің әкеміз - жоғарғы рух пен қажырлылықтың, табандылық пен төзімділіктің үлгісі. «Зияфаттың тағдыры өте ауыр болды. Рухы күшті болғандықтан ғана өлмей қалды» - деген еді Социалистік Еңбек Ері, ұзақ жылдар Ленин колхозын басқарған әкеміздің замандасы Бошай Кітапбаев.

Өмірдің, еңбек армиясының бар ауыртпалығын көрген, тағдырдың небір сынағынан өткен әкеміз сынып кеткен жоқ, жан дүниесі өзгермей, өмірінің соңына дейін азаматтық ұстанымын өзгертпеді. Жарасымды әзіл қалжыңды серік етіп, адамдармен араласып, оларды құрметтей білді. Газет-журналдарды оқуды жаны сүйетін. Мерзімді басылымдарға жазылу басталғанда айлық еңбекақысын түгелдей беріп, газет-журналдар алдыратын. Сонан кейін естіген білгенін замандастарына айтып, саясатқа пікір таластыратын. Әкеміз еш уақытта жалғыз қалып көрген жоқ. Ауыр кезеңдерде иығынан сүйеп, көмегін аямайтын ағайын-туыс, іні қарындастары үнемі қасынан табылатын.

                                     Қызы Жанат Зияфатқызы

Ластаева (Қалиева)

 

kyranOralgan kuran

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений