Қаңтар
ШҚМУ-да «Қазіргі экологиялық мәселелерді шешудегі ынтымақтастық тәжірибесі» деген тақырыпта бірінші халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады.
Дидар.- 1997. - 25 қаңтар-Б.1 (Мақала)
Сәуір
Халықаралық «Мир» телерадиокомпаниясының тілшілік пункті Шығыс Қазақстанда тіркелді
Рудный Алтай. - 1997. – 12 апреля. – С. 1 (Мақала)
Мамыр
«Зайсанбалық» акционерлік қоғамы Болашақ үшін қауымдастықтың 1996 жылғы қорытындысы бойынша «Алтын бүркіт» халықаралық жүлдесін алды (Франция)
Дидар.- 1997. -24 мамыр -Б.1
Маусым
ҚР Президентінің 3- мамырдағы Жарлығымен Семей Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
Дидар.- 1997. -3 маусым -Б.4 (Мақала)
ШҚО Минералды ресурстар жөніндегі карта жасалып, баспаға тапсырылды.
Дидар.- 1997. -14 маусым -Б.4 (Мақала)
Тамыз
Облыстық прокуратурада мұражай ашылды.
Дидар.- 1997. -14 тамыз-Б.1 (Мақала)
15 тамызда Өскемен қаласында бұрынғы Достық үйінде орталық мешіт ашылды.
Дидар.- 1997. -16 тамыз (Мақала)
ШҚ машина жасау заводы АҚ «Алтын қыран» халықаралық жүлдесін алды.
Дидар.- 1997. -26 тамыз (Мақала)
Қыркүйек
Курчатов қаласында ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық симпозиум өтті.
Рудный Алтай. - 1997. – 11 сентября. – С. 1
Майқапшағай кедені орналасқан мемлекеттік шекарада тәуелсіз Қазақстанның рәміздері мен ерекше белгісі бар шекара белгісі орнатылды.
Рудный Алтай. - 1997. – 20 сентября. – С. 1
Қараша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шығыс Қазақстан техникалық университетіне бірінші ректор- Д. М. Серікбаевтың есімі берілді.
Дидар.- 1997. -29 қараша