kl r



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Восточный Казахстан в Сети
Акиматы городов и районов
Культура и искусство ВКО
Областные управления
Сайты о работе ВКО
Как искать солдата
Туристу
Историческое краеведение
Памятники г.Усть-Каменогорска
Основание Усть-Каменогорска
История улиц Усть-Каменогорска
Значимые события
История сёл ВКО
Хроника Независимости
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Паспорт региона
Восточно-Казахстанская область
Усть-Каменогорск
Риддер
Район Алтай
Глубоковский район
Зайсанский район
Катон-Карагайский район
Курчумский район
Самарский район
Тарбагатайский район
Уланский район
Шемонаихинский район
Региональная периодика
Фольклор Золотого Алтая
Легенды ВКО
Музыкальное наследие ВКО
Фольклорные сборники
Природа
Природные ресурсы
Заповедные места
Уникальные места
Сакральная география ВКО
Ашутас
Пещера "Коныр Аулие"
Шиликтинская долина
Белуха
Мавзолей Ыргызбай Досканулы
Берель
Дом «Алаш арыстары»
Литературно-мемориальный музей Ф.М. Достоевского города Семей
Мемориальный комплекс «Абай-Шакарим»
Монумент «Сильнее смерти»
Мавзолей Козы Корпеш и Баян Сулу
Мавзолей Енлик - Кебек
Ак-Баур
Абылайкит
Святилище Сарыколь
Краеведческий альманах
Краеведческий альманах 2024
Краеведческий альманах 2023
Краеведческий альманах 2022
Краеведческий альманах 2021
Краеведческий альманах 2020
Краеведческий альманах 2019
Краеведческий альманах 2018
Краеведческий альманах 2017
Краеведческий альманах 2016
Краеведческий альманах 2015
Краеведческий альманах 2014
Краеведческий альманах 2013
Геология
Достопримечательности и памятники края
Исследователи края
История.· Этнография.· Культура
О тех, кто пишет
Образование
Ономастика
Религия
Искусство
Восточный Казахстан в годы войны
Герои Советского Союза
Партизаны подпольщики
Хроника военных лет
В тылу как в бою
30-ая Гвардейская дивизия
Воспоминания о войне
Статьи "Восточный Казахстан в годы ВОВ"
Участники обороны Брестcкой крепости - восточноказахстанцы
Восточноказахстанцы в Трудовой Армии в период ВОВ (1941-1945)
Видеоколлекция
Восточный Казахстан литературный
Литературное объединение «Звено Алтая»
Фестивали и чтения
От первого лица
Литературные и памятные места Восточного Казахстана
Виртуальные выставки
К. Мухамедханов: библиографический указатель
#Ауэзов125

Казахстан - Страна Великой Степи

ulydala ru

2019 жыл – Қазақстанда Жастар жылы болып белгіленді.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл (1989, 15 ақпан)

«Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл (1999, 12 ақпан)

(1999 жылы Партия Қазақстан Республикасы заңына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күннен партияның Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы қызметі басталды.)

ҚАҢТАР

1 қаңтар

Семей облысы Шұбартау ауданының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы) еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Ақаш Көксегеновтың туғанына 70 жыл. (1949)

5 қаңтар

Өнер жолын Семей облыстық музыка драма театрында драма артисі ретінде бастаған, әнші, Қазақстаннның Халық әртісі Рабиға Есімжанованың туғанына 105 лет.(1914-1986)

6  қаңтар

Кеңес Одағының батыры Николай Дмитриевич Авдеевтің  туғанына 100 жыл (1919)

10 қаңтар

Ұлан ауданының тумасы, жерлес жазушы Мүсілім Құмарбековтың туғанына  80 жыл (1939-2016)

12 қаңтар

Зайсан ауданының тумасы, ақын, журналист, аудармашы

Ғалым Байбатыровтың туғанына  70 жыл (1949 -2012.)

15 қаңтар

Жас техниктер станциясының ашылғанына 55 жыл (1964).

20 қаңтар

Өскемен педагогикалық иститутының физикалық география кафедрасының деканы, география ғылымдарының кандидаты КСРО халық ағарту ісінің озаты Ксении Ивановны Попованың туғанына 100 жыл (1919-1998)

20 қаңтар

Өскемен қаласының тумасы, журналист, жазушы, тарихшы Вадим Геннадьевич Обуховтың туғанына 60 жыл (1959)

24 қаңтар

Кеңес Одағының батыры Сергей Михайлович Рубусиннің туғанына 95 жыл (1924)

27 қаңтар

Жазушы, Шығыс Қазақстанда  білім беру мен баспа ісін дамытуға үлес қосқан саяси қайраткер Павел Петрович Бажовтың туғанына 135 жыл (1879-1950)

қаңтар

Защита –Зырян теміржол желісінің іске қосылғанына 65 жыл(1954)

қаңтар

Жарма ауданындағы Шар қаласының құрылғанына  90  жыл(1929)

АҚПАН

4 ақпан

Аягөз өңірінің тумасы, еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулардың Ұлттық орталығы ШҚ филиалының директоры медицина ғ.- ның кандидаты Зейнолла Қабдышұлы Сұлтанбековтың туғанына 80 жыл (1944)

4 ақпан

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының тумасы әнші, суретші Ерлан Құжимановтың туғанына 50 жыл (1969)

12 ақпан

Зайсан ауданының тумасы,  медицина ғ.-ның кандидаты, жазушы Советхан Ғаббасовтың туғанына 80 жыл (1939)

15 ақпан

Семей облысы, Павлодар уезінің тумасы, КСРО Халық әртісі, кино және театр режиссері, Семей педагогика техникумының түлегі,  Шакен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына  95 жыл (1914- 1970)

18 ақпан

Ақсуат өңірінің тумасы, белгілі абайтанушы, әдебиетші, жазушы Төкен Ибрагимовтың туғанына 75 жыл (1939-2017)

21 ақпан

Жарма ауданының тумасы, жазушы, аудармашы, сценарист Виктор Федорович Мирогловтың туғанына 80 жыл.(1939-1998)

22 ақпан

Ұлы Отан соғысына қатысушы, қоғам қайраткері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Әубәкір Байбатшиннің туғанына 105 жыл (2014-2011)

23 ақпан

Кеңес Одағының батыры Кенжебек Шакеновтың туғанына 85 жыл (1924-2001)

28 ақпан

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылып, ядролық сынақтардың тоқтатылғанына 30 жыл (1989)

28 ақпан

Абай ауданының тумасы, жазушы, журналист Дәулет Сейсенұлының туғанына 70 жыл (1949)

НАУРЫЗ

4 наурыз

Ғалым- фармацепт, драматург Сәлкен Суханберлиннің туғанына 105 жыл (1914-1986)

4 наурыз

Өскемен қаласының тумасы, педагог, өнертанушы, көптеген монографиялардың авторы Гүлжаухар Шеризданқызы Елеукенованың туғанына 65 жыл (1954-1999)

8 наурыз

Абай ауданының тумасы, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл  (1919 -2006)

10 наурыз

Жарма ауданының тумасы, жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 75 жыл (1934 -1998)

15 наурыз

Шұбартау өңірінің (қазіргі Аягөз ауданы) тумасы, Халық ақыны (1954) Төлеу Көбдіковтың туғанына 145 жыл.  (1874-1954)

22 наурыз

Абай ауданының тумасы, әнші, сазгер Жәнібек Кәрменовтың туғанына 70 жыл (1949-1992)

24 наурыз

Зайсан өңірінің тумасы, геолог-ғалым  Венедикт Андреевич Хахловтың туғанына 125 жыл

(1894-1972)

25 наурыз

Кеңес Одағының батыры Трофим Михайлович Клименконың туғанына 100 жыл (1919)

26 наурыз

Өскемен қаласының тумасы, өнертанушы, ғылым  докторы, Райхан Әбдешқызы Ерғалиеваның туғанына 65 жыл (1954)

30 наурыз

Семей өңірінің тумасы, ҚР ҰҒА-ның корресп мүшесі.экономика ғылымдарының докторы профессор Арыстанбеков Хайдар Арыстанбекұлының туғанына 100 жыл. (1919-2008)

30 наурыз

Кеңес Одағының батыры Алексей Иванович Черновтың туғанына 95 жыл (1924-1989)

31 наурыз

Белгілі саяхатшы, Шығыс Қазақстанды зерттеуші  Николай Михайлович Пржевальскийдің туғанына 185 жыл (1839-1888)

СӘУІР

5 сәуір

Кеңес Одағының батыры Георгий Семенович Болтаевтың туғанына 105 жыл (1914)

6 сәуір Күршім ауданының Құрметті азаматы, ақын, әнші, сазгер, «Қазақстан Республикасының мәдени қайраткері»  Нәбиолда Салихұлы Кемешевтың туғанына 70 жыл (1949)  

9 сәуір

Самар ауданының тумасы, ғалым-филолог, жазушы Аслан Жамелұлы Жақсылықовтың туғанына 165 жыл (1954)

12 сәуір

Семей облысы Павлодар уезінің тумасы, ғалым, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл (1899-1964)

16 сәуір

Кеңес Одағының батыры Степан Филиппович Бурлаченконың туғанына 105 жыл (1914)

20 сәуір

Аякөз жұмысшы кеңшарының Аякөз қаласы болып  аталғанына

85 жыл (1939)

23 сәуір

Белгілі омарташы, бағбан, Өскемендегі «Панкратьев бағының» негізін қалаушы Дмитрий Гордеевич Панкратьевтің туғанына 120 жыл (1899-1943)

24 сәуір

Кеңес Одағының батыры В. А. Засядьконың туғанына 100 жыл (1919-1944)

25 сәуір

Геология- минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Г. Б. Жилинскийдің туғанына 105 жыл (1914-1990)

29 сәуір

Зайсан ауданының тумасы, ақын Ұлықбек  Есдәулетовтың туғанына 65 жыл (1954)

сәуір

Кеңес Одағының батыры Т. С. Вербицкийдің туғанына 110 жыл (1909-1944)

МАМЫР

1 мамыр Катонқарағай ауданының тумасы, қолданбалы математика мен кибернетика саласы бойынша қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бияров Төлеухан Нұралдаұлының туғанына 70 жыл  (1949-2008  

12 мамыр

Семей қаласы Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының құрылғанына 85 жыл (1934)

15 мамыр

Кеңес Одағының батыры Әйткеш Абайұлы Ибраевтың туғанына 95 жыл (1924-1944)

15 мамыр

Әнші –ақын, КСРО журналистер одағының мүшесі  Карбушев Федор Михайловичтің  туғанына 115 жыл (1904-1984 )

20 мамыр

Абай ауданының тумасы,  Ұлы Отан соғысына қатысушы, Абай ат. Республикалық әдеби- мемориалдық мұражай директоры қызметін атқарған (1974-1984), жазушы Кашаф Туғанбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991)

25 мамыр

Семей облыстық филармониясына әнші Әміре Қашаубаев есімі берілгеніне 40 жыл (1979)

25 мамыр

Кеңес Одағының Батыры Григорий Иванович Вахониннің туғанына 100 жыл (1919-1973)

29 мамыр

Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтың туғанына 105 жыл (1914-1983)

МАУСЫМ

1 маусым

«Горняк в соревновании» (қазіргі ЖШС «Газета «Лениногорская правда» газетінің шыға бастағанына 90 жыл (1929)

6 маусым

Орыс ақыны  Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 220 (1799-1837)

7 маусым

Шемонаиха ауданының тумасы, Социалистік Еңбек Ері Василий Иванович Михайленконың туғанына 90 жыл (1929)

10 маусым

Тарбағатай тумасы, жазушы, публицист Нұрғазы Шакеевтың туғанына 90 жыл (1929-2008)

10 маусым

Ақсуат ауылының тумасы,(қазіргі Тарбағатай ауданы) филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серік Елікбаевтың туғанына 50 жыл (1969)

13 маусым

Жаңасемей ауданының тумасы, журналист, ақын Александр Шмидттың туғанына 70 жыл.  (1949)

14 маусым

Шемонаиха ауданының тумасы, тарих ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Иван Дмитриевич Никифоровтың туғанына 80 жыл. (1939)

18 маусым

Шұбартау ауданының тумасы, жазушы Төлек Тілеухановтың туғанына 80 жыл (1939)

24 маусым

Ұлы Отан соғысына қатысушы, журналист, ақын, аудармашы «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдан клубының  президенті, Балалық жастық шағын Аягөз қаласында өткізген Леонид Васильевич Скалковскийдің туғанына 95 жыл (1924-2012)

25 маусым

Семей қаласының тумасы, Өскемен құрылыс- жол институтының ректоры(1986-2000), Өскемен қаласының Құрметті азаматы, экономика ғ.-ның докторы, Юрий Васильевич Баталовтың туғанына -80 жыл (1939)

25 маусым

Шемонаиха ауданының тумасы, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ еңбек пен әлеуметтік қатынастар академиясы қылмыстық-құқықтық тәртіптер кафедрасының меңгерушісі Әмерханов Руслан Айтқалиұлының туғанына 40 жыл (1979)

26 маусым

Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы, әуесқой суретші Аркадий Гаврилович Козловтың туғанына 90 жыл (1929)

29-30 маусым

100 жыл бұрын Өскемен қаласында «ақтар» режиміне қарсы көтеріліс басталып, күшпен басылды. (1919)

ШІЛДЕ

3 шілде

Ақсуат ауданының ( қазіргі Тарбағатай ауданы) тумасы, әнші, домбырашы, Гүлдана Ноғайбаеваның туғанына 40 жыл. (1979)

6 шілде

Өскемен қаласының тумасы, жазушы - натуралист Борис Васильевич Щербаковтың туғанына 80 жыл (1939)

12 шілде

Мемлекет қайраткері, КСРО түсті металлургия Министрі, Шығыс Қазақстанда түсті металлургия саласының дамуына үлес қосқан, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Петр Фадеевич Ломаконың туғанына 115 жыл (1904-1990)

16 шілде

«Казгипроцветмет» институтының Презденті, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Тоқан Жақияұлы  Шайжүнісовтың туғанына 75 жыл (1944)

20 шілде

Өскемен қаласында Қазақстан ҒА-ның тау-кен металлургия ғылыми зерттеу институтының (қазіргі Алтай геология- экологиялық институты) жұмыс істей бастағанына 80 жыл (1939)

20 шілде

Шемонайха ауданының тумасы, КСРО Суретшілер Одағының, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық көрмелерге қатысқан суретші  Борис Филиппович Морозовтың туғанына 75 жыл. (1944)

23 шілде

Абай ауданының тумасы, педагог, жазушы- драматургы Тайыр Жомартбаевтың туғанына 135 жыл

28 шілде

Кеңес Одағының батыры Борис Тимофеевич Павловтың туғанына

100 жыл (1919)

28 шілде

Ұлы Отан соғысына қатысушы, ШҚ облыстық «Знамя Коммунизма»(қазіргі Рудный Алтай) газетінің, «Простор», «Партийная жизнь Казахстана» журналдарының тілшісі, жазушы, аудармашы Юрий Евгеньевич Ильяшенконың туғанына 95 жыл  (1924-1997)

ТАМЫЗ

6 тамыз

Шұбартау өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, ғалым –филолог  Хасен Әдібаевтың туғанына 95 жыл (1924-2012)

9 тамыз

Өскемен уезінің тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, аудармашы журналист Павел Николаевич Кузнецовтың туғанына 110 жыл(1909-1967)

13 тамыз

Семей былғары – тері зауытының іске қосылғанына 90 жыл (1929)

15 тамыз

Алаш қаласының Жаңа Семей болып ауысқанына 95 жыл. (1924)

15 тамыз

Қазақстан Компартиясы ШҚ Облыстық комитетінің  Бірінші хатшысы (1969-1983) қызметін атқарған, мемлекет және партия қайраткері Александр Константинович Протазановтың туғанына 105 жыл

20 тамыз

Қызыл комиссар, Аягөзде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан

Сабыржан Ғаббасовтың туғанына 130 жыл (1889-1918)

22 тамыз

Кеңес Одағының Батыры Петр Антонович Плешковтың туғанына 115 жыл (1904-1961)

29 тамыз

Семей ядролық полигонына тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткеніне 70 жыл (1949)

ҚЫРКҮЙЕК

3 қыркүйек

Ұлан ауданының тумасы, жазушы, әдебиетші, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, профессор Шерияздан Елеукеновтың туғанына 90 жыл (1929)

12 қыркүйек

ҚР Гир спорты және армреслинг Федерациясының вице -президенті, семсерлесуден бүкілодақтық дәрежедегі төреші(1980), гир спортынан республикалық дәрежедегі төреші(1991), Өскемен пед. Инст-ның (1956-1978) дене тәрбиесі факультетінің кафедра меңгерушісі Александр Александрович Долгихтің туғанына 90 жыл (1929-1999)

12 қыркүйек

Жарма ауданының тумасы, Қазақстанның еркін күрестен тұңғыш спорт шебері Қабден Рахманқұлұлы Байдосовтың туғанына 85 жыл.

(1934-1997)

13 қыркүйек

Кеңес Одағының батыры Владимир Алексеевич Колесниковтың туғанына 95 жыл (1924)

19 қыркүйек

30 жыл бұрын Семей ядролық полигонында ең соңғы ядролық жарылыс болды (1989)

29 қыркүйек

Шемонаиха ауданының тумасы, жазушы  Поляков Владимир Борисовичтің туғанына 65 жыл.  (1954)

ҚАЗАН

1 қазан

Семейдегі Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театрының ашылғанына 85 жыл (1934)

4 қазан

Семей облысының негізі қаланғанына  165 жыл  (1854)

14 қазан

Үржар ауданының тумасы, жазушы Роза Мұқанованың туғанына 55 жыл (1964)

14 қазан

Аягөз өңірінің тумасы, журналист, ақын Талғат Ешенұлының туғанына 45 жыл (1974)

20 қазан

Абай ауданының тумасы, жазушы Күлиман Жүнісованың (К. Амренова) туғанына 95 жыл (1924)

23 қазан

Кеңес Одағының батыры  И.И. Суптельдің туғанына 100 жыл (1919-1975)

26 қазан

Өскемен қаласында тұңғыш рет әйелдер гимназиясының ашылғанына 105 жыл (1914)

28 қазан

Өскемен қаласының тумасы, математик, музыкант, композитор Николай Тепфердің туғанына 60 жыл. (1959-2013)

31 қазан

Жазушы, өлкетанушы Станислав Евгеньевич Черныхтың туғанына

85 жыл (1934-1991)

қазан

Семей педагогикалық институтының (қазіргі Семей педагогикалық университеті) ашылғанына 85 жыл. (1934)

Қазан

ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағатының  құрылғанына  80 жыл. (1939)

ҚАРАША

5 қараша

Шығыс Қазақстан өңірін зерттеген ғалым-этнограф, жазушы, Александра Ефремовича Новоселовтың туғанына  130 жыл (1884 – 1918)

5 қараша

Семей қаласындағы ет-консерві комбинатының іске қосылғанына 85 жыл.

(1934)

7 қараша

Катонқарағай ауданының тумасы, әдебиеттанушы, аудармашы Баламер Сахариевтың туғанына 90 лет(1929-1979)

14 қараша

Кеңес Одағының Батыры Георгий Тимофеевич Рыжовтың туғанына 100 жыл  (1919)

22 қараша

Ұлы Отан соғысына қатысушы,  Өскеменде құрылған «Звено Алтая» әдеби үйірмесінің мүшесі, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Александр Афанасьевич Афанасьевтің туғанына 110  жыл.  (1909)

24 қараша

Кеңес Одағының батыры Андрей Васильевич Суминнің туғанына

100 жыл (1919)

27 қараша

Зайсан ауданының тумасы, аудармашы, журналист Заманбек Әбдешовтың туғанына 70 жыл (1949)

30 қараша

Қазақстанның еңбек сіңірген ғалымы, Күршім ауданы Чердояқ кенішінде жұмыс істеген, геология-минерология ғылымдарының докторы, академик   Г. Н. Щербаның туғанына 105 жыл (1914-2001)

қараша

Семей өңірінің тумасы, ақын Михайл Данилович Балыкиннің туғанына 95 жыл (1924-2000)

ЖЕЛТОҚСАН

2

желтоқсан

100 жыл бұрын Семей қаласында Әскери-революциялық ұйымның үнпарағы газеты "Знамя борьбы и труда" газетінің алғашқы саны шықты.  (1919)

4 желтоқсан

100 жыл бұрын «Семей таңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.  (1919)  100  жыл бұрын Семей қаласында «Қазақ тілі»  газеті шыға бастады.(1919)

8 желтоқсан

Аягөз ауданының тумасы, айтыскер –ақын Серікзат Дүйсенғазиннің туғанына 45 жыл. (1974)

11 желтоқсан

Семей қаласының тумасы, өнертанушы, әнші Талиға Бекхожинаның туғанына 100 жыл. (1919)

13 желтоқсан

Шығыс Қазақстанда Азамат соғысына қатысушы( 1917-1922), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Иван Петрович Даниловтың туғанына 135 жыл. (1884-1975)

16 желтоқсан

Кеңес Одағының батыры Гаврилл Дмитриевич Будниктің туғанына 95 жыл (1924)

16 желтоқсан

Семей өңірінің тумасы, КСРО Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенованың туғанына 90 жыл (1929)

17 желтоқсан

Кеңес Одағының батыры А.А. Бурнашовтың туғанына 105 жыл (1914-1974)

18 желтоқсан

Ұлан ауданының тумасы, журналист, жазушы-өлкетанушы Елтай Қатпанұлы Тұрлыбаевтың (Елтай Елгон)  туғанына 90 жыл. (1929-2011)

20 желтоқсан

Тарбағатай аудынының тумасы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, ақын Хамит Балшабековтың туғанына 80 жыл (1939-2007)

20 желтоқсан

Семей өңірінде ұзақ жыл қызмет еткен. ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың туғанына 85 жыл(1934-1984)

21 желтоқсан

Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртісі Иван Афанасьевич Крючковтың туғанына 105 жыл.  (1914-1985)

23 желтоқсан

Зайсан қаласының тумасы, ақын Павел Николаевич Васильевтің туғанына 110 жыл

(1909-1937)

24 желтоқсан

Осыдан 75 жыл бұрын Қазақ академиялық опера және балет театрында «Абай» операсының  тұңғыш қойылымы өтті.(либретто М.О. Әуезов, муз. А. Жұбанов, және Л. Хамиди, реж. К. Жандарбеков, Абай ролінде семейлік жерлесіміз Б. Досымжанов) (1944)

24 желтоқсан

Абай ауданының тумасы, қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Самат Сіләмбекұлы Сүндетбаевтың туғанына 95 жыл.  (1929-1967)

28 желтоқсан

Жазушы-натуралист, өлкетанушы, фототілші Александр Григорьевич Лухтановтың туғанына 85 жыл (1934)

Айы күні белгісіз аталып өтілетін есімдер

Семей өңірінен шыққан атақты шешен Байғара би Құттыбайұлының туғанына 320

  жыл (1699-1775)

Ертіс бекінісінің негізін қалаушы Иван Михайлович Лихаревтың Шығыс

Қазақстанға  экспедициясының басталғанына 310 жыл (1719)

Семей өңірінен шыққан атақты Байғотан бидің туғанына 280 жыл (1739-1834)  

Николаевск және Таловск кен орындарының ашылғанына 270 жыл (1749)                                                                                                                                                                                                          

Шемонаиха қаласының ірге тасы қаланғанына 250 жыл (1769)

Декабрист Степан Михайлович Семеновтың туғанына 230 жыл  (1789 –1852 )

Белгілі қоғам қайраткері, аға сұлтан, қазақтың  ұлы ақыны Абайдың әкесі        

Құнанбай  Өскенбайұлының туғанына 215 жыл (1804-1886)

Абайдың інісі, әскери қызметкер, ойшыл, аудармашы, ақын

Өскенбаев Халиулланың туғанына 170 жыл (1849-1870)

Ф. М. Достоевскийдің  Семей қаласынажер аударылғанына 165 жыл

(1854 ақпан - 2 шілде 1859)

Өскемен қаласының алғашқы мэрі, саяси жер аударылған, Орест Федорович

      Костюриннің туғанына 160 жыл (1859-1919)

      Өлке зерттеушісі, саяси жер аударылған Николай Яковлевич Коншиннің

      туғанына 155 жыл (1864-1937) 

      Абайдың замандасы, ақын Көкбай Жанатайұлының туғанына 155 жыл

      (1864-1927)

      Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың туғанына

      150 жыл (1869-1915)

      Мәдениет, қоғам  қайраткері Нұрғали Құлжановтың туғанына 150 жыл

      (1869/1870-1-19)

      Омарташы, «Алтаец» рамалы  ара ұясын ойлап тапқан Терентий Дмитриевич

      Копыриннің туғанына 150 жыл. (1869-1955)

           «Алаш» қозғалысының қайраткері, заңгер-публицист Райымжан Мәрсековтың 

      туғанына 140 жыл (1879-1937)        

      Тарбағатай ауданының тумасы, ақын, жыршы Ержан Ахметовтың туғанына 140

      жыл (1879-1967)

      Абай мұрасын насихаттаушы, абайтанушы Мекайыл Абайұлының туғанына 135

      жыл.(1884-1931)

      Абай ауданының тумасы, жазушы Тайыр Жомартбаевтың туғанына 135 жыл (1884-1937)

      Семей облысы баянауыл ауданының тумасы, әдебиетші, аудармашы, жазушы

      публицист драматург , Семей мұғалімдер гимназиясының түлегі (1919),

      шығармашылығы мен қызметі Семей өңірімен тығыз байлаынсты Жүсіпбек

     Аймауытовтың туғанына 130 жыл (1989-1931)

     Абай ауданының тумасы,  ақын  Есентай  Бердиннің туғанына 125 жыл (1894-

    1967)

     Семей губерниясының тумасы, журналист, ақын, аудармашы қазақ пролетар

     жазушылар қауымдастығының мүшесі жазушы Сәбит Дөнентаевтың туғанына

     125 жыл (1894-1933)     

    Шемонаихада селолық бастауыш училищенің ашылғанына 120 жыл (1899)

            Еңбек жолын (1936) Өскемен қаласынан бастаған Қазақстанның Халық әртісі (1955) Павел Осипович Кайровтың туғанына 115 жыл (1904-1962)

                                       

Санкт – Петербургтегі Илья Бораганскийдің баспасынан «Қазақ ақыны Ибрагим Құнанбаевтың өлеңдері» атты тұңғыш жинақтың жарық көргеніне 110 жыл.  (1909)

Кеңес Одағының батыры Андрей Данилович Семеновтың туғанына 110 жыл (1909-1943)

Шемонаиха ауданының тумасы, Социалистік Еңбек Ері Коцубеева Аксиниья Филипповнаның туғанына 110 жыл (1909)

Семей таңы газетінің журналисі, ақын Қайырлыхан Еркебаевтың туғанына 110 жыл (1909-1943)

Өскемен қаласының тумасы, пейзажист, суретші Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Загрутдин Сагадиевич Назыровтың туғанына 110 жыл (1909-1989)

Ғалым, археолог, өлке зерттеушісі, «Шығыс Қазақстан қола дәуірінде», «Батыс Алтайдың көне металлургиясы және тау- кен ісі», «Алтын қорғандар құпиясы»  монографияларының авторы Сергей Сергеевич Черниковтың туғанына 110 жыл (1909-1976)

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой скрипкашы, Ұлы Отан Соғысына қатысушы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 105 жыл (1914-1994)

Кеңес Одағының батыры Аркадий Петрович Кукиннің туғанына 105 жыл (1914-1944)

Кеңес Одағының батыры Герман Александрович Молодовтың туғанына 105 жыл (1914-1945)

Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының орманшысы Тұрыспек Ахметовтың  туғанына 105 жыл (1914)

Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген  ғылым қайраткері (1971),  ҚазССР ҒА-ның академигі, Қаратау, Кенді Алтай, Шыңғыс-Тарбағатай  металлогендік аумақтарында зерттеу жұмыстарын жүргізген геолог  Арықтай Қаюпұлы Қаюповтың туғанына 105 жыл. (1914-1993)

Алтайдағы Никита Иванович  Тимофеев басқарған  «Қызыл қырандар» тұңғыш партизан отрядының құрылғанына 100 жыл (1919)

Кеңес Одағының батыры, Григорий Федосеевич Ивановтың туғанына 100 жыл (1919-1945)

Семей қаласында саяси-қоғамдық, мәдени- ағарту, «Таң» әдеби журналының шыға бастағанына 95 жыл  (1924-1925)

Семей қаласында өткізілген  ақындар мен композиторлардың тұңғыш конкурсына 95 жыл (1924)

Кеңес Одағының батыры Клим Тимофеевич Клиновицкийдің туғанына 95 жыл (1924)

Өскемен қаласында Халық комиссариаты мен қалалық кеңестің радиостанциясын қосатын тұңғыш телефон желісінің орнатылғанына  95 жыл (1924)

«Әділ» АҚ құрылғанына (Өскемен  спирт зауыты) 90 жыл (1929)

Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр жылдар- ұжымдстырудың басталғанына 90 жыл (1929)

Семей автожол техникумының (көлік колледжі)  құрылғанына 90 жыл.

Ақын Мырзахан Әбжановтың туғанына 90 жыл (1929-1976)

Жарма аудандық кітапханасының ашылғанына 85 жыл (1934)

Өскемен қаласына  облыс орталығы статусының берілгеніне 80 жыл. (1929)

Семей облысы Қарауыл селосы Абай атындағы орта мектепті шығарылған «Абай ұрпақтары-Наследники Абая»  қолжазба журналының шыға бастағанына 80 жыл (1929)

Шемонаиха халық театрының құрылғанына 80 жыл (1939)

Үлбі металлургия зауытының құрылып, алғашқы өнім бере бастағанына 70 жыл (1949)

Үлбі металлургия зауыты уран өнімдерін шығара бастағанына 65 жыл (1954)

Өскемен конденсатор зауытының алғашқы өнім бергеніне 60 жыл (1959)

Өскемен қаласындағы балалар кітапханасына облыстық статус берілгеніне 60 жыл (1959)

Өскемен қаласында байланыс үйі салынып, пайдалануға берілгеніне 60 жыл (1959)

Өскемен цемент зауыты алғашқы өнімдерін бере бастағанына 55 жыл

Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының іске қосылғанына 50 жыл.

Семей ядролық сынақ алаңында орналасқан жабдықтарды бөлшектеу туралы ҚР мен РФ арасында келісім шартқа қол қойылғанына 25 жыл  (1994,28 наурыз)

Негізі Өскеменнің «Торпедосынан» құралған Қазақстан хоккей құрама командасы қысқы Азия ойындарында чемпион атағын жеңіп алғанына 20 жыл. (1999)

Кітаптар мерейтойы

Абайдың махаббат лирикасына арнап шығарылған жинақтар цикліне 130 жыл.

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарық көргеніне 110 жыл (1909)

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына 105 жыл. (1914)

С. Торайғыровтың «Кедей» поэмасына 100 жыл (1919)

М. Әуезовтың «Көксерек» повесіне 90 жыл. (1929)

Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының ашылғанына 85    

 жыл (1934, 13 қаңтар)

Жазушы Ғабит Мүсреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  трагедиясына 80 жыл.  

(1939)

Жазушы Александр Волковтың «Волшебник Изумрудного города» ертегісінің жарық  

 көргеніне 80 жыл (1939)

Александр Волковтың «Семь подземных королей» кітабына 80 жыл. (1939)

Жазушы Сапарғали Бегалиннің «Қыран кегі» поэмасына 75 жыл. (1944)

«Абай жолы» эпопеясы үшін Мұхтар Әуезовке Ленин атындағы сыйлық берілгеніне    

    60 жыл (1959)

Жазушы К. Оразалиннің «Ақ жазық» романының жарық көргеніне 60 жыл (1959)

Партизан -жазушы Қасым Қайсеновтың «Партизан соқпақтары» кітабына 55 жыл (1964)

Жазушы Марат Қабанбаевтың «Горький вкус» кітабына 40 жыл (1979)

Осыдан 100 жыл бұрын 1919 жылы 4 желтоқсанда Семей қаласында «Қазақ тілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді.   (http://qasym.kz/kazak-tili-gazetinin-zhanashyldyk-sipaty/)(«Казахский язык»)

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений